Академия президенті Каспий-Еділ дәлізі нысандарын ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізу жобасын талқылауға қатысты

Бүгін, 30 шілдеде Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев “Жібек жолы” сериялық номинациясы аясында Каспий-Еділ дәлізі нысандарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсыну жобасын іске асыруға дайындық бойынша онлайн-кеңеске қатысты.

Кездесуге ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығы, Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі және Орталық Азияны зерттеу халықаралық институты өкілдері, сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Жапония елдерінен арнайы сарапшылар қатысты.

Онлайн кеңес қатысушылары ЮНЕСКО және Жапония Траст қорының «Жібек жолын Дүниежүзілік мұрасына номинация процесін қолдау» (III кезең) жобасын талқылады.

Сондай-ақ, онлайн кездесуде Әзербайжан Республикасы тарапынан биылғы «Жібек жолы: Каспий-Еділ дәлізі» екінші субөңірлік конференциясын Бакуде өткізу туралы ұсынысы қолдау тапты.