Академия президенті Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының директорымен кездесті
2023 жылғы 1 ақпан күні Алматы қаласында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының директоры Ақан Оңғарұлымен кездесті.
Кездесуде тараптар археологиялық зерттеулер саласындағы өзара әрістестік байланыстардың әлеуеті, сондай-ақ материалдық және материалдық емес мәдени мұра, археология, тарих, өнер тарихы, этнография және тарихи география салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру жайын талқылады. Академия басшысы Түркі халықтарының археологиялық ескерткіштері мен мәдени мұраларын зерделеу мақсатында институтпен ынтымақтастықты нығайта түсуге ниетті екенін айтып, Институт мамандарын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырды. Өз кезегінде А.Оңғарұлы Ш. Мустафаевты Археология институтының соңғы жылдардағы атқарған жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып, алдағы жоспарлары туралы айтты. Кездесу нәтижесінде тараптар ғылыми ұйымдардың арасында өзара тығыз әріптестік байланыс орнатуға уағдаласты.