Академия президенті м.а. Фузули Маджидли Бурса қаласының мэрі Алинур Акташпен кездесті

2022 жылдың 25 қыркүйек күні Халықаралық Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы Фузули Мәжидли Түркияға сапары аясында Бурса қаласының мэрі Алинур Акташпен кездесті.

Түркі дүниесінің 2022 жылғы мәдени астанасы саналатын Бурса қаласының тарихи маңызы зор. Сол себепті Түркі академиясы IV дәстүрлі археологиялық-мәдени экспедициясын “Орхоннан Орхан Ғазиге дейін” деген тақырып аясында осы өңірге арнап отыр. Екі жақты кездесу барысында тараптар әріптестік байланыстарды талқылап, бірлескен іс-шаралар бойынша пікірлесті. Өз кезегінде Академия басшысы міндетін атқарушы экспедиция туралы жан-жақты мәлімет беріп, Осман мемлекетінің тұңғыш астанасы болған Бурса қаласының түркі әлемінің киелі орындарының бірі ретіндегі маңызына тоқталды. Сонымен қатар, Ф. Мәжидли Бурса қаласының мэрі Алинур Акташқа экспедицияны ұйымдастыруға көрсеткен зор қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Академия басып шығарған ғылыми еңбектерді тарту етті. Қала басшысы Түркі академиясы жүзеге асырып жатқан іргелі жобаларды жоғары бағалап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.