Академия президенті Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына барды

2023 жылғы 31 қаңтарда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Алматы қаласындағы іссапар барысында ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына барды.

Академия басшысына музей экспонаттары, соның ішінде сирек кездесетін археологиялық жәдігерлер таныстырылды. Сондай-ақ музейде Ш.Мустафаевтың Мәдениетті жақындастыру орталығы директорының орынбасары С. Әшімовамен кездесуі өтті. Кездесуде тараптар өз ұйымдарының қызметі мен болашаққа жоспарлары туралы ақпарат алмасты.