Академия президенті ТИКА басшысымен кездесті

2023 жылғы 17 қаңтарда Анкара қаласында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) басшысы Серкан Каялармен кездесті.

Академия басшысы ТИКА ұйымымен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге және ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде С.Каялар ТИКА-ның қызметі туралы ақпарат беріп, түркі әлемінде жүзеге асырылған және жоспарланып отырған жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, ТИКА басшысы Академиямен өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық танытып, бірлескен бастамаларға қолдау көрсетуге уағдаласты. Айта кету керек, Академия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығының ұйымдастыруымен өтетін Үйлестіру кеңесіннің отырысына қатысу үшін Түркия Республикасына ресми іссапармен барды.