Академия президенті Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы өкілдігінің атқарушы директоры Янош Ховаридің өмірден озуына байланысты көңіл айтты

Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы өкілдігінің атқарушы директоры Янош Ховаридің өмірден озуына байланысты көңіл айтты.

Осы орайда, Академия басшысы ТМҰ Бас хатшысына көңіл айту хатын жолдап, көрнекті мажар түркологі, әрі дипломат Янош Ховаридің мезгілсіз дүниеден озуы туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. «Ол түрколог, әрі көрнекті дипломат ретінде Мажарстан мен Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосты. Мажарстанға барған сапарларым мен басқа да басқосуларда маған онымен кездесудің сәті түскен болатын. Мен оның қандай адал, ақкөңіл адам екеніне және түркі әлемі үшін тамаша дос болғанына қалтқысыз куә болдым. Оның мезгілсіз дүниеден өтуі біз үшін орны толмас қайғы. Түркі Академиясының және жеке өзімнің атымнан марқұмның отбасына және мажар халқына қайғырып көңіл айтамын», - делінген хатта.