ADF2024: Академия басшысы ғылым мен білімнің дипломатиядағы маңызы туралы ойларын ортаға салды

3-ші наурызда Түркі Акедемиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түркияда өтіп жатқан Анталия Дипломатиялық форумы аясында «Аймақтық ынтымақтастықтағы мәдениет пен білім берудің рөлі» атты панелдік отырысқа қатысып, форум қонақтары алдында сөз сөйледі.

Отырысқа Академия басшысымен бірге, Түркия Республикасы Жоғарғы білім Кеңесінің президенті Ерол Өзвар, Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры Махмуд Ерол Кылыч, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қатысты. Жиынды TRT WORD телеарнасының жүргізушісі Алижан Аянлар жүргізіп отырды.

NEST конгресс-орталығында өткен панелдік отырыстағы сөзінде Түркі Академиясының басшысы Ш.Мұстафаев халықаралық ұйымдардың жаһандық саясаттың маңызды ойыншыларына айналғанына тоқталды.

Сонымен қатар, Ш.Мұстафаев халықтар арасындағы толеранттылық пен өзара түсіністіктің мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы аймақтық ықпалдастықа оң әсері мол екеніне назар аударды.

Қарыштап дамыған технологиялық жетістіктердің көшінен қалып қоймау маңызды екеніне тоқталған Түркі Академиясының президенті халықаралық ынтымақтастықты дамытуда технология жетістіктерін тиімді пайдалан укерек екенін айтты.