Академия президенті Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары кездесті
2023 жылғы 27 наурызда Қырғызстандағы ресми сапары аясында Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Айнура Асқаровамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсу мүмкіндіктерін қарастырды. Академия басшысы Ш. Мустафаев алдағы уақытта Г. Әлиев қорымен бірлесіп Жібек жолы тарихы бойынша халықаралық көрменің өткізілетіні туралы хабардар етіп, қырғыз тарапын көрмеге қатысуға шақырды. Өз кезегінде А. Асқарова шақырту үшін алғысын білдіріп, басқа түркі мемлекеттерімен қатар Қырғызстанның да ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін үш нысанын айта отырып отырып, өзінің бай мәдени мұрасын толық көрсете алатынын жеткізді. Сонымен қатар, Қырғыз тарапы Түркі академиясына Ш. Айтматовтың 95 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Академия басшысы аталған ұсынысты бірлесіп пысықтауға дайын екенін білдірді.