Академия президенті ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы бойындағы ғылыми және мәдени байланыстар» атты халықаралық симпозиум жұмысына қатысты
2022 жылғы 18 қарашада Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев онлайн режимде ЮНСЕКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен «Жібек жолы бойындағы ғылыми және мәдени байланыстар» атты халықаралық симпозиум жұмысына қатысты.
Симпозиум аясында жас ғалымдардың Жібек жолына қатысты зерттеулерлерінің таныстырылымы өтті. Экология, ғылым және технология, дін және руханият, тіл және әдебиет, өнер және музыка, экономика және сауда, Жібек жолының мұрасы және заманауи мәселелер қатарлы бағыттарда арнайы гранттар бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жобалардың 1-ші таныстырылымы танымал ғалымдардан құрылған қазылар алқасының назарына ұсынылды. Айта кету керек, қазылар алқасының құрамында Түркі академиясының басшысы профессор Шаһин Мустафаев та бар. Симпозиумда ЮНЕСКО Бас директорының Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі көмекшісі Габриэль Рамос ханым құттықтау сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының білім вице-министрі Техуэй Вэн кіріспе сөзбен ашты. Бұдан кейін Жібек жолына қатысты жас зерттеушілердің жұмыстары танысырылып, Қытай, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан, Әзербайжан, Ливан ғалымдарынан тұратын арнайы грант жөніндегі қазылар алқасының пікірлері тыңдалды. ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан аталған грант Қытай Халық Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен Жібек жолындағы терең тарихты және мол мұраны терең түсіндіру мақсатында 2021 жылы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша бөлінген болатын. 2022 жылдың 1 наурызында 2-ші кезеңі басталды. Бұл баянды бастама 35 жасқа дейінгі жас зерттеушілердің Жібек жолындағы ортақ мұраны зерттеуге ынталандыру мақсатында қолға алынған болатын. Жалпы 12 зерттеу гранты жоспарланған.