Академия президенті Әзербайжанның алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасановпен кездесті
2022 жылдың 22 желтоқсанында Түркі Академиясына Әзербайжан Республикасының алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасанов арнайы келіп, ұйым басшысы Шаһин Мустафаевпен кездесті.
Мәртебелі мейман алдымен Түркі Академиясының музейін аралап көрді. Академия басшысы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, ұйымның алдағы бағыт-бағдары жөнінде баяндап берді. Сонымен қатар, тараптар ғылыми жобалар туралы пікірлесті. Өз кезегінде Г.Гасанов Академия президентінің қызметіне сәттілік тілеп, қонақжай қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.