Академия президенті Әзербайжанның Білім және ғылым министрінің орынбасарымен кездесті
2023 жылғы 28 наурызда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің VI отырысы аясында Әзербайжан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Идрис Исаевпен кездесті.
Кездесу барысында Түркі Академиясы мен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрлігі арасындағы қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсу жолдары талқыланды. Министрдің орынбасары Түркі академиясының қолдауымен өткізілген іс-шаралардың ұйымға мүше елдер арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты бекемдеудегі үлесін жоғары бағалады. И.Исаев Академияның түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми интеграциясын тереңдетуде, сондай-ақ ортақ оқулықтар дайындауда атқарған жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде, Ш. Мустафаев министрдің орынбасарына Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің VI отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, министрлер қолдаған Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің шешімі, сөзсіз, түркі әлемінің ғылыми қауымдастығын біріктірудегі маңызды қадам болатынын атап өтті.