Академия президентінің міндетін атқарушы Самарқандта симпозиумға қатысты
9 ноября 2022 года исполняющий обязанности президента Международной Тюркской академии Физули Маджидли принял участие в Международном симпозиуме «Расширение горизонтов сотрудничества между странами Центральной Азии, Азербайджаном и Турцией: Шелковый путь – серия транснациональных номинаций ЮНЕСКО», который состоялся в рамках саммита Организации тюркских государств.
2022 жылғы 9 қарашада Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Фузули Мәжидли Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында өтіп жатқан «Орталық Азия, Әзербайжан және Түркия елдері арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейту: Жібек жолы – ЮНЕСКО-ның трансұлттық номинацияларының сериясы» атты халықаралық симпозиумға қатысты. Симпозиум 8-10 қарашада Самарқанд қаласында Халықаралық Түркі мәдениеті және мирас қоры, Халықаралық Орталық Азия зерттеулері институты, сондай-ақ Жібек жолы және тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттау орталығының ғылыми қолдауымен өтуде. Симпозиумға қатысушылар Орталық Азия, Әзербайжан және Түркия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ симпозиум аясында Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының «Жібек жолындағы түркі әлемі елдері» жобасы аясында жарық көрген «Әзербайжан Жібек жолында» кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға құрметті қонақ ретінде қатысқан Академия басшысы міндетін атқарушы Ф. Мәжидли Жібек жолының дамуындағы түркі халықтарының рөлі мен оның болашағы туралы сөз етті. «Жібек жолы түркі халықтарының әлемімен тығыз байланысты. Өйткені түркі халықтары ғасырлар бойы Шығысты Батыспен, Оңтүстікті Солтүстікпен байланыстыратын, осы жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тарихи сауда жолдарының орталығында болды. Сауда жолдарын бақылайтын түркі мемлекеттері тарихи аренада өзіндік орны болды. Шындығында түркілердің әлемдік ауқымдағы рөлінің әлсіреуі сауда жолдарының континенттік Еуразиядан теңіздерге ауысуымен байланысты. Сондықтан ХХІ ғасырда Жібек жолын жандандыру Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік сауда және көлік жолдарының қайтадан күн тәртібіне қойылғанын және бұл түркі халықтарының татулығы үшін тамаша мүмкіндік деп бағалауға болады. Тамыры терең түркі өркениетінің негізінде жарқын болашақ құруға болады деп есептеймін», - деді Ф.Мәжидли өз сөзінде. Симпозиумға Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Кысмет Гозалов, Түркі мәдениеті және мирас қорының президенті Гүнай Эфендиева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Ер, Халықаралық Орталық Азия зерттеулер институтының директоры Дмитрий Воякин, сондай-ақ сарапшылар мен ғалымдар қатысты.