Академия президентінің міндетін атқарушы Өзбекстан Инновациялық даму министрімен кездесті
2022 жылғы 8 қарашада Ташкент қаласында Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Фузули Мәжидли бастаған делегация Өзбекстан Инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахмановпен кездесті.
Кездесуде тараптар түркі халықтарының тарихи-мәдени мұраларын дәріптеуде инновацияның жетістерін пайдалану туралы сөз болды. Фузули Мәжидли түркі әлемінің ортақ оқулықтары және жаңадан табылған Құтлық қаған кешені туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ол түркі елдерінің тарихын, әдебиетін, географиясын зерделеуде балабақшадан бастап сстуденттерге шейін түсінікті болатын ортақ мазмұн болудың маңыздылығын атап өтті. – «Түркі мемлекеттерінің халықтарын біріктіретін ортақ сөздіктер мен терминдер жасауымыз керек», – деді Академия басшысы міндетін атқарушы. Осы орайда, Ф. Мәжидли министрге Академия дайынған Түркі әлемінің тарихи-мәдени атласын тарту етті. Өз кезегінде министр И. Абдурахманов түркі халықтарының мұраларын зерттеу және насихаттауда Академиямен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты. «Инновацияларды енгізе отырып, мәдени мұрамызды жоғалтпауымыз керек. Еліміз инновациялық даму жолында адами капиталға басымдық берсе, ұзақ мерзімді перспективада жұмыс орындарын құруға ден қояды. Біз Халықаралық Түрік академиясымен бірлесіп, өзара ынтымақтастық жобаларын қолдауға дайынбыз. Түркі елдерінің ғылымын дамытуда бірігуіміз маңызды» – деді ол. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар туралы пікір алмасып, Өзбекстанның жақын арада Халықаралық Түркі академиясының толыққанды мүшесі болатынына сенім білдірді.