Академия қызметкерлері Қазақстанның жоғары наградаларына ие болды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ғылым мен мәдениеттің дамуына, бауырлас елдер арасындағы ғылыми байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, Құтлық қаған кешеніне археологиялық қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізген Напил Базылханға «Парасат» ордені, Нұрболат Бөгенбаевқа «Құрмет» ордені берілді. Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыс етті. Айта кету керек, биыл Халықаралық Түркі академиясы Моңғолияның Археология институтымен бірлесіп ұйымдастырған ғылыми экспедициясы нәтижесінде Номғон алқабынан көне түркі дәуіріне жататын бітіктастың жоғарғы бөлігі мен ғұрыптық кешенін тапқан болатын. Экспедиция жұмысына академияның ғылыми қызметкерлері, белгілі түрколог Нәпіл Базылхан мен Нұрболат Бөгенбаев қатысты. Түркі академиясының ғалымдары ескерткішке қашалған жазуларды оқып, оның Екінші Түркі қағандығын құрған Құтлық қағанға арналғанын анықтап отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өткен ТМҰ Саммитінде бұл қазба жұмысының нәтижесін жоғары бағалап, Түркі қағандығын қайта қайта жаңғыртқан Құтлық қаған кешенінің табылуы түркі әлемі үшін маңызды жаңалық екенін айрықша айтты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ғылым мен мәдениеттің дамуына, бауырлас елдер арасындағы ғылыми байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Құтлық қаған кешеніне археологиялық қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізген Напил Базылханға «Парасат» ордені, Нұрболат Бөгенбаевқа «Құрмет» ордені берілді. Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыс етті. Айта кету керек, биыл Халықаралық Түркі академиясы Моңғолияның Археология институтымен бірлесіп ұйымдастырған ғылыми экспедициясы нәтижесінде Номғон алқабынан көне түркі дәуіріне жататын бітіктастың жоғарғы бөлігі мен ғұрыптық кешенін тапқан болатын. Экспедиция жұмысына академияның ғылыми қызметкерлері, белгілі түрколог Нәпіл Базылхан мен Нұрболат Бөгенбаев қатысты. Түркі академиясының ғалымдары ескерткішке қашалған жазуларды оқып, оның Екінші Түркі қағандығын құрған Құтлық қағанға арналғанын анықтап отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өткен ТМҰ Саммитінде бұл қазба жұмысының нәтижесін жоғары бағалап, Түркі қағандығын қайта қайта жаңғыртқан Құтлық қаған кешенінің табылуы түркі әлемі үшін маңызды жаңалық екенін айрықша айтты.