Академиясының басшысы Түркия Республикасының Мәдениет және Туризм министрімен кездесті

2023 жылғы 18 қаңтарда Түркі Академиясының басшысы Шаһин Мустафаев Түркия Республикасының Мәдениет және Туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар түркі әлемі үшін маңызы зор тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары туралы пікір алмасты. Ұйым басшысы Ш. Мустафаев осы саладағы Түркі Академиясы жүзеге асырған археологиялық қазба жұмыстарының жетістіктеріне тоқталып, ұйымның алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берді. Өз кезегінде министр М. Ерсой тарихи және мәдени ескерткіштерді зерттеу және қорғау жұмыстарына бағытталған бастамаларды толық қолдайтынын және аталған саладағы жан-жақты тәжірибе алмасуға дайын екендігін мәлімдеді. Айта кету керек, Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы хатшылығының ұйымдастыруымен өтетін Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысуға келген Академия басшысы Ш. Мустафаев бірқатар кездесулер өткізуде.