Алдағы ортақ іс-шараларға дайындық барысын талқылады

Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Ташкент қаласына іссапары аясында Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Бехзод Юлдашевпен кездесті.

Тараптар кездесу барысында бауырлас Түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми әріптестіктің бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелері бойынша пікірлесті.

Өз кезегінде Академия басшысы Өзбекстан бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, ортақ жобалар жөніндегі пікірлерімен бөлісті.

Бұған қоса, кездесуге қатысушылар жақында өтетін Түркі әлемі Ұлттық Ғылым Академиялары одағының кезекті отырысына әзірлік жұмыстарын да талқылады.

Кезедесу соңында тараптар ғылыми әріптестіктің әлеуетін жан-жақты тиімді жүзеге асырып, өзара ынтымақтастықты нығайта беруге уағдаласты.

Кездесуге, сонымен қатар, Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенттері Сирожиддин Мирзаев пен Бахром Абдухалимов және Ұлттық археология оpталығының директоры Фарход Максудов қатысты.