Қарақалпақ ақыны Әжінияз Қосыбайұлы шығармаларының жинағы таныстырылды

27 қыркүйекте Анкара қаласында ұлы қарақалпақ ақыны Әжінияз Қосыбайұлының 200 жылдығын атап өту аясында Түркі Академиясы шығарған "Karakalpak Şairi Äjiniyaz Kosıbay Ulı" атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Іс-шара Түркі Академиясының ұйымдастыруымен және Хаджы Байрам Вели университетінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Маңызды мәдени шараға Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев, Хаджы Байрам Вели университетінің ректоры Мехмед Наджи Бостанджы, сондай-ақ бауырлас елдерден келген дипломатия саласының өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде академик Шаһин Мустафаев Түркі Академиясының басты мақсаттарының бірі — түркі халықтарының әдеби және мәдени мұрасын терең ғылыми зерттеп, оны кеңінен насихаттау екенін ерекше атап өтті. Ол осындай тұғырлы тұлғаларды зерттеу түркі өркениетінің байлығы мен әралуандығын көрсетіп қана қоймай, халықтар арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтуға септігін тигізетініне назар аударды.

"Өз шығармаларында түркі халықтарының бірлігін жырлаған көрнекті ақын Әжінияздың 200 жылдығы аясында оның мұрасын жаңғыртуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз," — деді Академия басшысы.

Карақалпақстанда дүниеге келген Әжінияз тек жергілікті ақын ғана емес, араб, парсы, қазақ және түрікмен тілдерін жетік меңгерген ойшыл, лингвист болған. Ол өз шығармаларында түркі халықтарының ортақ мәдени бірегейлігін жырлаған. Енді оның туындылары Түркі Академиясының аудармасымен түрік оқырмандарына жол тартып болып отыр.

"Аталған жоба тек әдеби мұраны ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ тарихымыз бен құндылықтарымызды айқындайды. Бұл құндылықтар өнер мен әдебиет арқылы бізді біріктіреді," — деді Шаһин Мустафаев.

Бұл шара түркі халықтарының бай мұрасын сақтау мен насихаттаудағы маңызды қадам ретінде Түркі Академиясының түркі әлеміндегі ғылыми және мәдени ынтымақтастықты нығайту миссиясын айқындай түсті.