Археолог Айман Досымбаева өмірден озды

Түркі Академиясы көрнекті археолог және ғалым Айман Досымбаеваның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасына, жақындарына және әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Айман Досымбаева қазақ археологиясында терең із қалдырып, көне түркілер тарихында жаңа парақтар ашып, Жетісу және Сарыарқа ескерткіштерін зерттеуге зор үлес қосқан экспедициялар ұйымдастырды. 10-нан астам монография және 100-ден астам мақала жазған ғалымның жас мамандарды дайындаудағы, ғылымды дамытудағы үлесі мәңгілік есте қалады.

Марқұмның топырағы торқа болсын.