Астанад ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің X отырысы өтті
2023 жылғы 3 қарашада Астана қаласында Қазақстанның төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің X отырысы өтті.
Алқалы жиынға ТМҰ мүше және бақылаушы елдердің Сыртқы істер министрлері және халықаралық ұйым басшылары қатысты.
Қатысушылар күн тәртібінде ұйым аясындағы аймақтық және халықаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, Саммитте қарастырылатын ұсыныстарды нақтылады.
Өз сөзінде Түркі Академиясының президенті Ш. Мұстафаев түркі ынтымақтастығы ұйымдары көптеген салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Ол серіктес ұйымдар арасындағы диалог бауырластық байланыстарға елеулі ықпал ете отырып, ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті белсенді арттыра түскеніне тоқталды. "2023 жылы Түркі Академиясының бастамасымен ынтымақтастық жаңа және серпінді кезеңге аяқ басты. Біз түркі халықтарының тарихы, тілі, мәдениеті және әлеуметтану саласында 20 жобаны іске қостық. Бұл жобалар ортақ тарихты тереңірек түсінуге және ортақ түркі мұрасы мен мәдени бірегейлігіміз туралы таным аясын кеңейте түсуге септігін тигізеді деп ойлаймыз", - деді Ш.Мұстафаев.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан елордасы Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшыларының мерейтойлық 10-шы саммиті өз жұмысын бастайды.