Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих жоғарғы құрылымының басшысымен кездесу өтті
2023 жылғы 29 тамыз күні Анкара қаласындағы іссапар аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті Иса Габбибейли және Түрік тілі қоғамының төрағасы Осман Мерт Түркия Республикасының Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғарғы құрылымына арнайы сапармен барып, ұйымның президенті Деря Өрс мырзамен кездесті.
Кездесу барысында ғылыми мекемелердің басшылары өзара ынтымақтастықты нығайта түсу мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, Түркия Республикасының 100 жылдығын атап өту бойынша әңгімелесіп, ортақ жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.