Бакуде Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссияның үшінші отырысы басталды
Бүгін, 9 қыркүйекте Бакуде Түркі Академиясы Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік лингвистикалық қоғамымен бірлесіп, Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) қолдауымен ұйымдастырған Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссияның үшінші отырысы басталды.
Шараға Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Түрік лингвистикалық қоғамының төрағасы Осман Мерт және өзге де түркі мемлекеттерінің өкілдері қатысуда.
Басқосудың мақсаты – түркі әлемінің ортақ әліпбиін дайындау барысын талқылап, оның үдерісін ілгерілетудің негізгі қадамдарын айқындау болып табылады.