Башқұрт ғалымы Түркі академиясының жұмысымен танысты
2022 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық Түркі академиясына Ресей Ғылым академиясының Уфа федералды зерттеу орталығы тарих, тіл және әдебиет институтының шығыс қолжазбалары бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ахат Салихов келді.
Башқұртстаннан келген құрметті мейманды Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Физули Меджидли қабылдады. А. Салихов түркі музейін аралап, түркі кітапханасының кітап қорымен танысты. Кездесуде тараптар қазіргі түркология ғылымындағы істердің жағдайы, сондай-ақ Түркі академиясы мен Башқұртстан ғылыми қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты. Кездесу соңында Ф. Маджидли А. Салиховқа Түркі академиясына арнайы келгеніне ризашылығын білдіп, Академияның бағалы баслымдарын табыс етті. Өз кезегінде А. Салихов Академияның кітапхана қорына Башқұртстан ғылым академиясының бірқатар басылымдарын сыйға тартты.