Белгілі түрколог Сейсенбай Құдасов дүниеден озды
Түркі Академиясының ұжымы белгілі қазақстандық түрколог, қыпшақтанушы ғалым Сейсенбай Құдасовтың 68 жасында дүниеден өткені туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.
Осыған орай марқұмның отбасына, барша жақындары мен әріптестеріне қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Сейсенбай Жолайұлы Құдасов – түркология саласында табан аудармай еңбек етіп, елеулі олжа салған білікті ғалымдардың бірі еді. Оның артында қалған қыпшақтану бағытындағы зерделі зерттеулері мен мазмұнды ғылыми еңбектері ел игілігіне қызмет ете берері сөзсіз.
Марқұмның топырағы торқа болсын.