Бүгін, 8 желтоқсан – Өзбекстан Республикасының Конституциясы күні!
Түркі Академиясы бауырлас Өзбекстан халқын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды.
Бауырлас елге бейбітшілік, бақ-береке және мемлекеттілікті нығайту жолында толағай табыстар, орнықты даму мен татулық тілейміз. Конституция Өзбекстан мен оның халқының жарқын әрі гүлденген болашағының берік негізі болып қала берсін!