Бүгін Қазақстан Республикасының Конституция күні
Бүгін Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өтуде. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы барша қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтайды.
Мыңжылдықтар тоғысында керегесін қайта керген Қазақстан жаңа Конституциясын қабылдап, ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларға жол ашып, әлемдік дамудың көшіне ілесті. Конституция — еркіндігіміз бен еңселі елдігіміздің кепілі. Бүгінгідей жер-жаһандағы күрделі жағдайға қарамастан, елдігіміз нығайып, ерлігіміз еселеніп, бірлігіміз бекемделе түсуде. Сіздерді тағы да Конституция күнімен құттықтай отырып, мемлекетімізге тұрақты даму, әр шаңыраққа бақыт пен амандық тілейміз! Ел іргесі бүтін, келешегіміз кемел болсын!