Бүгін мажар түркологі Иштван Қоңыр Мандокидің туған күні
Бүгін мажар xалқының даңқты перзенті, түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Иштван Қоңыр Мандокидің туған күні.
Бүгін мажар xалқының даңқты перзенті, түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Иштван Қоңыр Мандокидің туған күні. Ол саналы ғұмырын Еуропадағы түркі халықтарының, әсіресе мажарлардың және құмандардың көне тарихы, түркі-мажар байланыстарын зерттеуге арнап, Анадолы, Еділ бойы, Қазақстан, Орта Азия және Моңғолия жерлеріне ғылым-зерттеу экспедицияларын ұйымдастырған. Түркі академиясы көрнекті мажар түркологі Иштван Қоңыр Мандокиді құрметпен еске алады. Айта кету керек, профессор Иштван Қоңыр Мандоки 1944 жылы 10 ақпанда Мажарстандағы екі үлкен өзен – Дунай мен Тисса арасындағы Кішіқұман (Кишкуншаг) өңірінің рухани орталығы саналатын Қарсақ (Карцаг) қаласында туған. Көп жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1981 жылы «Мажарстандағы құман тілінің ескерткіштері» атты еңбегі жарық көрді. 1993 жылы Түркі халықтары мәдениеті туралы жан-жақты зерттеу еңбектері үшін оған Мажарстан Ғалымдар Академиясының Постумус сыйлығы берілді. Ол 1992 жылы қыркүйекте қайтыс болды, өз өсиеті бойынша қазақ топырағында, Алматы іргесіндегі Кеңсай зиратында жерленген. Ғалымның 16 мыңға жуық құжаттан тұратын жеке қоры бүгінде Халықаралық Түркі академиясының кітапханасында сақтаулы.