Бүгін Мажарстанның Ұлттық мейрамы

Бүгін 20 тамыз Мажарстанның Ұлттық мейрамы – Мажар мемлекетінің негізін қалаушы әулие Иштван күні.

1000 жылдың 20 тамызында Әулие Иштван Бірінші таққа отырып, алғашқы король атанып, Мажарстан дербес ел болды. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Мажар елін атаулы күнімен шын жүректен құттықтайды. Айта кету керек, Мажарстан 2018 жылдан бері Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мемлекет ретінде қабылданған. Академия мен Мажарстан арасында ғылыми ынтымақтастық бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.