Бүгін Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күні
1991 жылғы 31 тамызда Қырғызстан халқы азаттығын жариялап, өзінің тарихи таңдауын жасады.
Бұл қастерлі мереке — қырғыз жұртшылығының еркіндігі мен жарқын болашаққа ұмтылысының символы. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Қырғыз Республикасы жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды. Осы айтулы күні бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік пен тұрақты даму тілейміз! Тәуелсіздік күні құтты болсын!