Бүгін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің туған күні
Бүгін Түркі Академиясының мүше мемлекеті — Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің туған күні.
Осы орайлы сәтте, Түркі Академиясының басшылығы мен ұжымы Ильхам Гейдарұлын шын жүректен туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнайды. Түркі Академиясы Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық бақыт және бауырлас Әзербайжанның өркендеуі жолындағы Сіздің қызметіңізде толайым табыстар тілейді.