Бішкекке "Түркі әлемі" бес томдық жинағының тұсаукесері өтті
2022 жылғы 5 қарашада Бішкекте Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты философия ғылымдарының докторы Джаваншир Фейзиевтің «Түрік әлемі» 5 томдық атты бес томдық жинағының қырғыз тіліндегі нұсқасының таныстырылымы өтті.
Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы Фузули Мәжидли, Қырғызстан Жогорку Кенешінің тұңғыш төрағасы, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медеткан Шеримкулов, Әзербайжан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Латиф Гандилов, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Джаваншир Фейзиев, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы Шаазада Түменбаев, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшігінің кеңесші-уәкілі Асхат Сыздықов, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Толобек Абдырахманов, белгілі қырғыз археологі Кубатбек Табалдыев, Түркі академиясының сарапшылары Нәпіл Базылхан мен Нурдин Усеев, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар қатысты. Дж. Фейзиев өз еңбегінде түркі әлемінің қазіргі жағдайы мен түркі халықтарының біркелкілігі жөнінде жан-жақты мәлімет береді. Жинақтың бірінші томында түркі өркениетінің тарихи даму барысы мен негізгі құндылықтары, жалпытүркілік тарих пен мәдениет, саясат мен дипломатия, түркілердің еркін өмір салты, әдет-ғұрыптары, қазіргі заманғы жағдайы туралы айтылады. Екінші томда түркі этногеографиясы, көне түркі халықтары мен тайпалары, қазіргі түркі халықтары, түркі диспоралары жөнінде баяндалады. Үшінші томда түркілердің мемлекетшілік тарихы, көне түркі мемлекеттері мен империялары, қазіргі тәуелсіз түркі республикалары мен олардың өзара байланыстары сипатталады. Төртінші томда түркітанудың қазіргі мәселелері, қазіргі түркі әлемінің даму әлеуеттері мен перспективалары туралы нақты мәліметтер берілген. Бесінші томда түркі әлемінің түғырлы тұлғалары мен олардың мемлекет, саясат, ғылым, мәдениет және әдебиет салаларындағы қызметтері туралы мәлімет береді. Аталған жинақты Халықаралық Түркі академиясы 2019 жылы әзербайжан тілінен қазақшаға аударып, таныстырған болатын. Еңбектің қырғыз тіліндегі нұсқасы белгілі түрколог Кадыралы Конкобаевтың жетекшілігімен әзірленді.