Бішкекте Құтлық қаған кешеніне арналған фотокөрме ұйымдастырылды
On November 4, 2022, the International Turkic Academy held at the National Academy of Sciences of the Kyrgyz Republic an exhibition of photographs, dedicated to the results of archaeological excavations in Mongolia and historical artifacts found there.
2022 жылдың 4 қараша күні Халықаралық Түркі академиясы Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Моңғолияда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын және ондағы табылған тарихи артефактілерді қамтитын фотосуреттер көрмесін өткізді. Құтлық қаған кешені мен жазба ескерткішіне арналған көрмені Академия басшысы міндетін атқарушы Ф. Мәжидли ашып, тағылымды шараға келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Шараға қатысқан мәртебелі қонақтар жаңалықтың табылуы Академияның ұзақ жылғы бірлескен ғылыми жұмыстары жемісі екенінін айтып, ұйымның еңбегін жоғары бағалады. Әсіресе кешеннен табылған бітіктастағы көне түркі, соғды және брахми жазбаларын тереңірек зерттеу түркі тарихының жаңа парақтарын ашатын айтты. Көрмені тамашалауға Халықаралық Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы Фузули Мәжидли, Қырғызстан Жогорку Кенешінің тұңғыш төрағасы, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медеткан Шеримкулов, Әзербайжан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Латиф Гандилов, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Джаваншир Фейзиев, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы Шаазада Түменбаев, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшігінің кеңесші-уәкілі Асхат Сыздықов, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Толобек Абдырахманов, белгілі қырғыз археологі Кубатбек Табалдыев, Түркі академиясының сарапшылары Нәпіл Базылхан мен Нурдин Усеев, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар қатысты. Айта кету керек, аталған фотокөрмеде Номғон алқабында және Шивээт улаан кешенінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар сәті мен олардан табылған құнды мұраларды қамтитын фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды.