Глава Тюркской Академии встретился с Министром образования и науки Казахстана
2022 жылғы 5 мамырда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті.
Кездесуде тараптар алдағы уақытта өтетін Халықаралық Түркі академиясының кезекті Ғылыми кеңесі мен ТМҰ Білім министрлерінің V отырысының күн тәртібін талқылады. Айта кету керек, алдағы айда Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған жиында Академияға мүше мемлекеттердің мектептерінде оқытылатын ортақ тарих, әдебиет және география оқулықтары бойынша нақты шешім қабылданады деп күтілуде. Бұдан бөлек атқаратын жобалар мақұлданып, мерейтойлар мен атаулы даталар кестесі бекітіледі және Кеңес төрағалығы Қазақстан тарапына өтеді. Сонымен қатар тараптар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми іс-шаралар жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында Академия басшысы ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен бастамаларына қолдау білдірген министр А. Аймағамбетовке ризашылығын білдірді.