IX Жаһандық Баку форумы өз жұмысын бастады
2022 жылғы 16 маусымда Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің қамқорлығымен және Низами Гәнжауи халықаралық орталығын ұйымдастыру кезінде «Жаһандық тәртіпке төнген қауіп-қатерлер» тақырыбында IX жаһандық Баку форумы жұмысын бастады.
Форумның ашылу салтанатына Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қатысты. Форумға 300-ден астам қонақ келді. Олардың қатарында 50-ден астам елдің жоғары лауазымды өкілдері, атап айтқанда, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысуда. Сонымен қатар форумға қатысушылардың бір бөлігі онлайн режимінде пікірталастарға қосылатын болады. Форум аясында панелді отырыстар мен тақырыптық дөңгелек үстелдер өтеді. Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли де қатысуда. Айта кету керек. Жаһандық Баку форумы 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.