Көрнекті ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды

Түркі Академиясы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының 95 жасына қараған шағында дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына, барша жақындары мен шәкірттеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Мекемтас Мырзахметұлы — түркі дүниесінің руханияты мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ірі тұлға. Оның ғылыми мұрасы абайтану, мұхтартану, бауыржантану және иасауитанудың іргетасын нығайтып, аталған бағыттарды жаңа белестерге көтерді.

Ұлт руханиятына өшпес із қалдырған ғалымның жарқын бейнесі мен мол мұрасы әрқашан ел жадында сақталады.