Көрнекті мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов дүниеден озды
Түркі Академиясының ұжымы көрнекті мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтың дүниеден өткені туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.
Марқұмның отбасына, барша жақындары мен әріптестеріне қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – мәдениеттану саласында талмай қызмет етіп, түркі халықтарының мәдени мұрасына қатысты елеулі зерттеулер жүргізген ғалым. Оның артында қалған мазмұнды мұрасы ел игілігіне қызмет ете берері сөзсіз.
Ол заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ұлы болатын. Марқұмның топырағы торқа болсын.