Көрнекті түрколог Иштван Қоңыр Мандокидің туғанына – 80 жыл

Бүгін, 10 ақпан, көрнекті мажар ғалымы, түрколог Иштван Қоңыр Мандокидің туған күні. Биыл оның дүниеге келгеніне 80 жыл толaды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Иштван Қоңыр Мандоки саналы ғұмырын Еуропадағы түркі халықтарының, әсіресе мажарлар мен құмандардың арғы тарихын, түркі-мажар тамырластығын зерттеуге арнады. Түркі әдебиеті мен мәдениетін зерделеу мақсатында Польша, Румыния, Болгария елдерінде жасалған экспедицияларға белсенді қатысып, кейін өзі де Анадолы жеріне, Еділ бойы мен Орталық Азия елдеріне, Моңғолияға табысты экспедициялар ұйымдастырды.

Бірқатар еуропа елдерінің, сонымен қатар көптеген түркі халықтарының тілдерін жетік меңгерген. Соның нәтижесінде түркілердің біршама мұрасын мажар тіліне тәржімеледі.

Мандоки 1992 жылы небары 48 жасында қайтыс болды. Өзінің өсиеті бойынша қазақ топырағында – Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленген.

1993 жылы оған ғылымдағы зор жетістіктері үшін Мажарстан Ғалым академиясының Постумус сыйлығы берілді.

Түркі Академиясы артында өшпес мол мұра қалдырған ғалымның рухына тағзым етіп, зор құрметпен еске алады.

Айта кету керек, Мандокидің 16 мыңдай кітап мен түрлі құжаттарды қамтитын жеке қоры Академияның кітапханасында сақтаулы.

Түркі Академиясы Мандокидің 80 жылдығына орай биыл жыл бойы бірқатар іс-шаралар өткізіп, ғылыми еңбектерін жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.