Көрнекті жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин дүниеден озды
Түркі Академиясы әдебиеттанушы ғалым, көптеген тарихи романдардың авторы, Түркі дүниесіне қызмет сыйлығының иегері Мұхтар Мағауиннің 85 жасына қараған шағында дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына, барша оқырмандарына көңіл айтады.
Ұлттық рух пен азаттық идеясын ту етіп қалам тербеген жазушы саналы ғұмырын бауырлас елдеріміздің мәдениетінің дамуына, тарихының түгенделуіне және рухани жаңғыруы жолына арнады.
Жазушының әдеби мұрасы және ғылыми ізденістері қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын баға жетпес қазына болып қала бермек.