Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған конференция өтті

2022 жылғы 24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті V отырысы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған ғылыми конференция өтті.

Назарбаев университетінде өткен жиынды Түркі академиясы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы оқу министрілігімен бірлесіп өткізді. Алқалы жиынға Түркі мемлекеттер ұйымының Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасың Ғылым және жоғарғы оқу министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан елдерінің Қазақстандағы Елшілері мен Түркия Елшілігінің өкілдері, ЖОО басшылары, отандық және шетелдік түркітанушы, алаштанушы, ахметтанушылар қатысып, ұлт ұстазының тіл білімін дамытуға қосқан үлестері жайлы баяндамалар жасады. Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық етті. Конференция аясында Халықаралық түркі академиясының әзірлеген «Түркістан – түрк елі» энциклопедиясы, «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары», және «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітаптарының тұсаукесері өтті. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Түркі академиясы әзірлеп шығарған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының қазақ және ағылшын тіліндегі нұсқасында жарық көрді. Айта кету керек, аталған жинаққа Ахаңның 50 жысқа толған мерейтойында жасалған тарихи баяндамалар мен замандастарының, ізбасарлары мен бүгінгі буын зерттеушілерінің мазмұнды мақалалары топтастырылған. «Түркістан – Түрк елі» екі томдық энциклопедиясы – түрк әлемінің аса кең мағынаға, тамырлы тарихқа ие ата жұрты Түркістан ұғымына, түрк өркениеті мен халықтарының құндылықтарына, сонымен бірге түрк әлемінің киелі бесігі көне Түркістан қаласына арналған. Энциклопедияда түрктердің байтақ тарихы мен бай мәдениетін бейнелейтін археологиялық, архитектуралық, этнографиялық, әдеби-фольклорлық тақырыптар бойынша ғылыми-танымдық мақалалар мен мағлұматтар ұсынылды. Еңбек алуан түрлі карталармен, миниатюралармен, жаңғыртпа сызба­лармен, фотосуреттермен безендірілген «Түрк әлемінің тұғырлы тұлғалары» ғылыми-танымдық жинаққа ежелгі заманнан ортағасыр кезеңіне дейінгі түрк өркениеті мен тарихында айрықша із қалдырған тегеурінді тұлғалардың қызметі мен тұлғалық қырын айшықтайтын ғұмырнамалық деректер енген. Жинақ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде, ежелгі заманнан XIII ғасырға дейін, екінші бөлімде XIII ғасырдан XIX ғасырға дейін, үшінші бөлімде XIX-XX ғасырлардағы тұлғаларға арналған. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуде. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы биыл түркі әлемі кеңістігінде әйгілі түрколог, алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдық жоғары деңгейде атап өту туралы шешім қабылдады.