Мақтымқұлының 300 жылдық мерейтойы аясындағы бірлескен іс-шараларды талқылады
Бүгін 26 ақпан күні, Астанада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Режеповпен кездесті.
Тараптар биыл ЮНЕСКО қолдауымен аталып өтетін түркі әлемінің ойшыл ақыны, түрікмен әдебиетінің классигі Мақтымқұлының 300 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылуы көзделген іс-шараларды талқылады.
Бұдан бөлек, екіжақты кездесу барысында Академия басшысы мен Елші бірқатар ортақ жобалар бойынша пікір алмасып, баянды бастамаларға қолдау көрсетуге әзір екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында Батыр Режепов мырза Академия президенті Ш.Мұстафаевқа қолдауы үшін ризашылығын айтып, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың “Ýaşlar – Watanyň daýanjy” (Жастар – отанның тірегі) атты кітабын тарту етті.