Мәдениет қайраткері Якуп Өмероглы дүниеден озды

Түркі Академиясы көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерінің отбасына, жақындарына және еңбегін бағалаған барша жанға қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Якуп Өмероглы түркі мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі, әсіресе Еуразия Жазушылар одағын құруы және көптеген ғылыми жарияланымдарымен сіңірген еңбегі арқылы елеулі мұра қалдырды.

Марқұмның жатқан жері жайлы болсын.