Нүкісте ақын Әжинияз Қосыбайұлының 200 жылдығына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Бүгін, 14 қарашада Нүкіс қаласында көрнекті қарақалпақ ақыны Әжинияз Қосыбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды. Ақынның 200 жылдық мерейтойына арналған бұл салтанатты шараға Өзбекстанның ғылыми және мәдени қауымы мен түркі әлемінің беделді өкілдері қатысты.
Рәсімге Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесі төрағасының орынбасары Рустам Сапарбаев, сондай-ақ Қарақалпақстан басшылығының өкілдері, ғалымдар, жазушылар және мәдениет қайраткерлері қатысты.