«Нәзір Төреқұлов оқулары: дипломатия және ұлттық мүдделер» атты конференция өтті
2022 жылғы 8 желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Нәзір Төреқұлов оқулары: дипломатия және ұлттық мүдделер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті 2013 жылдан бастап, дәстүрлі түрде Төреқұлов оқуларын өткізіп келеді. Биылғы конференция көрнекті дипломаттың 130 жылдығына арналып отыр. Тағылымды іс-шараға Түркі Академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Арын, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысының орынбасары Чи Фан, Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпустар, атап айтқан Иордания Хашимит Корольдігі Елшілігінің, Кувейт Елшілігінің, Оман Сұлтандығы Елшілігінің, Палестина Елшілігінің, Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің өкілдері, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік (Үндістан, Испания және Түркиядан) ғалымдар қатысты. Жиында сөз алған Түркі Академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев Нәзір Төреқұловтың дипломатия саласындағы қыметі және түркі әлеміндегі орны туралы баяндама жасады.