«Орхун» студенттер алмасу бағдарламасының тиімділігін арттыру жолдары талқыланды

Бүгін, 20 мамырда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі университеттері одағының (TURKUNIB) VII Бас Ассамблеясы отырысына қатысты. Бұл жолғы басқосу «Орхун» студенттер алмасу бағдарламасынның тиімділігін жолдарын қарастыруға арналды.

Әзербайжан мемлекеттік экономика университетінің (UNEC) қолдауымен Бакуде өткен алқалы жиынға Әзербайжан Республиксының Білім және ғылым министрі Эмин Амруллаев, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Түркия Республикасы Жоғары білім кеңесінің төрағасы Ерол Өзвар және 60-қа жуық бауырлас түркі елдері жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Атаулы басқосу барысында «Орхун» студенттер алмасу бағдарламасына жаңа серпін беру бағыттары талқыланды. Олардың арасында Түркі әлемінің бірыңғай жоғары білім кеңістігін құру бойынша зерттеулерді жалғастыру және Түркі әлемінің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігін құру секілді бірнеше ұсыныстар алға тартылды.

Ассамблеяның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Академия президенті Шаһин Мұстафаев түркі әлемі мемлекеттері басшыларының игі ынтымақтастығы ғылым мен білім саласының дамуына оң септігін тигізетініне сенім білдіріп, Академияның бұндай бауырластықты дамытуға әрқашан қолдау көрсететінін айтты.