Түркі академиясы Қазақстан Президенті сайлауына байқаушы болды
Халықаралық Түркі академиясы халықаралық ұйым ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында байқаушы миссиясымен қатысып, сайлау процесіне оң бағасын берді.
Халықаралық Түркі академиясының сайлау барысын бақылау миссиясы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы негізінде ұйымдастырылды. Халықаралық байқаушы ретінде қатысқан Түркі академиясының сарапшылары Тимур Козырев пен Нурдин Усеев Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, мониторинг жүргізді. Байқаушылардың айтуынша, сайлау процесі тиісті заңнамалар мен халықаралық талаптарға толық сәйкес өтіп, сайлаушылардың қатысуы белсенді болды. Журналистерге арналған брифингте сөз сөйлеген Т.Козырев Қазақстандағы саяси реформалар мен президенттік сайлаудың бүкіл түркі әлемі үшін маңыздылығын атап өтті. Айта кету керек, Қазақстанда өткен Президент сайлауында дауыс беру барысын бақылауға 10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен жалпы саны 641 аккредиттелген халықаралық байқаушы қатысты.