Түркі Академиясы басшысы Түркия Ұлттық білім министрімен кездесті

2023 жылғы 17 қаңтарда Анкара сапары аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркия Ұлттық білім министрі Махмут Өзермен кездесті.

Кездесуде тараптар түркі әлеміндегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыру жөнінде пікір алмасты. Ш. Мустафаев Академияның жүзеге асырған жұмыстары жайында баяндап, ұйымның алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Ш. Мустафаев министр М. Өзерді биыл наурыз айында Бішкекте өтетін Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысына қатысуға шақырды. Бұдан бөлек ортақ оқулықтар бойынша атқарылған жұмыстар мен Номғон экспедициясының нәтижелері туралы сөз болды. Академия басшысы Білім министрлігінің ортақ түркі тарихы, әдебиеті және географиясы пәндерін оқу бағдарламасына қосу жөніндегі бастамасына зор ризашылығын жеткізді.