Түркі академиясы мен IRCICA арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

2022 жылғы 13 мамырда Халықаралық Түркі академиясының президенті профессор Дархан Қыдырәлі Бурсада өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің ЮНЕСКО Ұлттық комиссияларының VIII отырысы аясында Ислам тарихы, өнер және мәдениет зерттеу орталығының жаңа бас директоры (IRCICA) Махмуд Эрол Кылычпен кездесті.

Кездесуде тараптар Түркі академиясы мен IRCICA ұйымы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, түрік әлемі мен ислам әлемінің ортақ құндылықтарын зерттеуге және насихаттауға уағдаласты. Сонымен қатар, Академия басшысы Д. Қыдырәлі IRCICA Бас директорын 2022 жылдың 27 мамырында Алматы қаласында өтетін әл-Фараби-Икбал форумына шақырды.