Түркі Академиясы мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастық артуда
2023 жылдың 3 ақпан күні Түркі Академиясының басшысы Шаһин Мустафаев Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсумен кездесті.
Тараптар түркі елдерінің ғылыми институттарындағы ғалымдар мен зерттеушілерінің өзара әріптестік байланыс орнатып, ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу аясында ұйым басшылары түркология және Еуразиялық зерттеулер салаларындағы ынтымақтастыққа арқау болатын өзара серіктестік туралы Меморандумға қол қойды. Кездесуге Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамилоглу, сондай-ақ кафедра ұстаздары қатысты. Аталған Меморандум түркология саласында Еуразиялық зерттеулер магистрі, Ph.D бағдарламалары бойынша мамандандырылған академиялық және ғылыми бағыттарды ашуға қолдау көрсетуді көздейді.