Түркі Академиясы мен Татарстан Ғылым академиясының өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды
2023 жылдың 5 желтоқсанында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Татарстан Республикасы (Ресей Федерациясы) Ғылым академиясының президенті Рифкат Миннихановпен кездесті.
Онлайн форматта өткен кездесуде екі ұйымның арасындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Бұдан бөлек тараптар өзара тиімді серіктестік аясында бірлескен ғылыми жобалар мен іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, 2024 жылғы мамырда Қазан қаласында өтетін Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы (ТӘҰҒАО) Бас ассамблеясының отырысын ұйымдастыру жөнінде пікірлесті. Р. Минниханов Түркі академиясы тарапының кездесу туралы ұсынысты қабыл алғанына ризашылығын білдіріп, ғылыми әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Өз кезегінде Ш. Мұстафаев Р. Миннихановты жаңа қызметімен құттықтап, Түркі Академиясының мақсаты мен қызметі туралы кеңінен мәлімет беріп, түркі әлемінің ғылыми байланыс арттыруда Татарстан Ғылыми Академиясының ғылыми әлеуеті зор екенін жеткізді.
Бұдан бөлек Татарстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті Айнур Тимерханов ұйымның мақсаты және атқарып жатқан қызметі туралы баяндады.
Кездесу соңында тараптар келесі жылы ТӘҰҒАО бойынша жұмыс тобының Қазан қаласында алдын-ала жиналуына уағдаласты.