Түркі Академиясы мен TÜBA президенттерінің кездезті
Бүгін Анкарада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев пен Түркия Ғылым академиясының (TÜBA) президенті Музаффер Шекердің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы (ТӘҰҒАО) президиумының алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің орындалуын талқылады. Арнайы назар «Ынтымақтастық туралы ұсыныстар» мен «Түркі елдері арасындағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық бағдарламасы» секілді хаттамалық ережелерге аударылды.
Түркі Академиясы мен TÜBA бірлескен күш-жігерінің арқасында дәстүрге айналған Жазғы мектептер де талқыланды. Сондай-ақ, президенттер 2025 жылға арналған жоспарларды қарастырып, бірлескен жобалар, ынтымақтастық және алдағы іс-шаралар туралы пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар екі академия арасындағы жемісті ынтымақтастық пен білім алмасудың жалғасын білдіретін белгі ретінде бір-біріне кітаптар сыйлады.