Түркі академиясы мен Өзбекстан Ғылым академиясының ынтымақтастығы артып келеді

2022 жылдың 8 қарашасында Халықаралық Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы Фузули Маджидли Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Бехзод Юлдашевпен кездесті.

2022 жылдың 8 қарашасында Халықаралық Түркі академиясының президенті міндетін атқарушы Фузули Маджидли Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Бехзод Юлдашевпен кездесті. Сонымен қатар, кездесуге Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев пен Өзбекстан Ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов та қатысты. Кездесуде ұйымдар арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен алдағы жоспарлар барысы талқыланды. Ф. Мәжидли Астанада орналасқан Түркі академиясының бауырлас елдер арасында ғылым мен білім саласындағы бірлескен бастамаларды үйлестіруші ұйым екендігін жеткізді. Ол таяуда Өзбекстанның Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алғандығымен құттықтап, оның алдағы уақытта ұйымның толыққанды мүшесі болатынына сенім білдірді. Осы орайда, Ф. Мәжидли өзбек әріптестернін бірлескен іс-шаралар мен жобаларды іске асыруға шақырды. Өз кезегінде Б. Юлдашев Өзбекстан Ғылым академиясының жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулері, атап айтқанда, түркі халықтарының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы ақпарат берді. Ол ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытып, ортақ жобалар жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында Ф.Мәжидли академик Б. Юлдашевке арнайы қабылдауы үшін ризашылғын білдіріп, Түркі академиясы шығарған ғылыми еңбектерді сыйлады.